Бүгін балабақшамызда ерекше көңілді, әсерлі әрі шығармашылыққа толы "Қалпақтар шеруі" өтті!
2 - 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер түрлі - түсті, қиялға толы қалпақтарымен сән көрсетіп, өздерінің ерекше бейнесін паш етті. Түрлі материалдан жасалған, ертегі кейіпкерлеріне ұқсас, табиғатпен үндес қалпақтар апайларымыздың көңілін бір серпілтті.
Балалар тек сән көрсетіп қана қоймай, өлең айтып қызықты номинациялар бойынша марапатталды.
Мақсатымыз - балалардың қиялын дамыту, өзін - өзі еркін көрсетуге мүмкіндік беру және шығармашылыққа баулу.
Бұл күн балабақшамыздың ұмытылмас жарқын сәттерінің бірі болды!