"Менің сүйікті қалам - Қызылорда" жобасы
Туған жер әр адам үшін ерекше ыстық екені анық.
Әр адам өз өлкесімен туған жерімен мақтанады. Міне біздің туған жеріміз Сыр өңірі - Қызылорда қаласы.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнында туған өлкеге,өзінің еліне және оның тарихына сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тірі және өлі табиғат туралы білімдерін кеңейту,танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қиялды қалыптастыру,табиғатты сақтауда адамның рөлі туралы білімдерін қалыптастыру, қауіпсіздікті сақтау,еңбекке баулу дағдыларын басты назарға алған.
Осыған сәйкес Еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу деген белсенділіктерін қалыптастыру қаламыздың тарихи ескерткіштерін аялауға, демалыс орындарында өздерін ұстай білуге тәрбиелеу жетілдіру мақсатында осы жобаны жүзеге асыру,ауқымды іс шара жүргізіп қолға алуды облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Г.Батырбековна пікір білдіріп ұсыныс ретінде жобаны қолға алуды ұсынды. Осы ұсынысты іске асыру бойынша
"ГЧП "Ханшайым ана" бөбекжай - бақшасы" жеке білім беру мекемесінде 2024жылдың қыркүйек айынан бастап "Менің сүйікті қалам - Қызылорда" жобасы қолға алынып жүзеге аса бастады. Жоба туралы ауқымды ұсыныс айтылып
Аталған жоба жұмысына Облыстық оқу орталығының "Мектепке дейінгі білім беру" бөлімінің әдіскері А.Уткелбаева балабақша педагогтарына жоба бойынша түсірндірме, таныстырылым жүргізіліп шығармашылық идеялар мен ұсыныстар айтылды.
Балабақша меңгерушісі А.Қаламбаева алдағы уақытта жобаның жемісті өнімді болатынына сенім білдіріп педагогтарға сәттілік тіледі.