"Бүлдіршін" ортаңғы тобында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді
Жиын барысында жаңа оқу жылына арналған жоспарлар таныстырылып, ата-аналармен бірлескен жұмыстың бағыттары талқыланды.
Ата-аналар жиналысы жылы шырайлы көңіл-күймен өтті.
Ата-аналар белсенділік танытып, пікір алмасып, бала тәрбиесіне деген жауапкершіліктерін көрсетті.
Бала бақыты-бәріміздің ортақ мақсатымыз.
Осындай кездесулер-тәрбиеші мен ата-ана арасындағы сенімді нығайтып, өзара ынтымақтастыққа жол ашады.
Тәрбиешілер: Әлшоразова Жұлдызай Әмірбекқызы
Батырбай Райхан Қайратқызы